КММ «Мардан Байділдаев атындағы №232 орта мектебі» – білім ордасы

Бұл мектеп оқушыларға сапалы білім беріп, олардың шығармашылық, зияткерлік және адамгершілік қабілеттерін дамытады.

Біз туралы

КММ «Мардан Байділдаев атындағы №232 орта мектебі» – сапалы білім беруді, жас ұрпақтың жан-жақты дамуын басты мақсат еткен білім ордасы. Мұнда тәжірибелі ұстаздар шәкірттердің шығармашылық қабілетін дамытып, жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасайды.

Мектеп қабырғасында оқушылардың білімін тереңдетуге, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және жауапты азамат ретінде тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, спорттық және мәдени іс-шаралар арқылы оқушылардың жан-жақты өсуіне мүмкіндік беріледі.

Бұл мектеп – тек оқу орны ғана емес, болашаққа жол ашатын сенімді қадам. Әрбір түлектің өз арманын жүзеге асыруына қолдау көрсетеміз.

Директордың блогы

Кулмаханова Гулзира Маханбеткуловна

КММ «Мардан Байділдаев атындағы №232 орта мектебі»

Scroll to Top
Мектеп директоры

1. Тегі, аты, әкесінің аты: Кулмаханова Гулзира Маханбеткуловна
2. Лауазымы: Мектеп директоры
3. Білімі: Жоғары, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты, 1994ж
4. Санаты: Педагог-зерттеуші, ІІ санатты басшы
5. Еңбек өтілі: 34 жыл 5 ай
6. Саладағы жұмыс өтілі: 7 жыл
7. Телефоны: 87029142672
8. Мекен-жайы: Жалағаш ауданы, Еңбек ауылы, Мүсірәлі баба көшесі №25/2

9. Жетістіктері:
1) Жалпы білім беру ұйымдарының жаратылыстану – математика бағытындағы 7-8 сынып оқушыларына арналған жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінде III орын иеленді. Оқушысы Серік Дидар.
2) 2-7 сынып оқушылары арасында өткізілген «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының І кезеңінде (аудандық) Химия секциясы бойынша ІІ орын иеленді. Оқушысы Алмасбек Ерсейіт, Рысмаханова Айкөркем.
3) Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде ІІІ орын иеленді. Оқушысы Бисенқызы Алтынай.
4) Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары үшін Республикалық олимпиданың аудандық кезеңінің ІІІ орын жүлдегері. Оқушысы Серік Дидар.
5) “Цифрлы Қазақстан — болашаққа батыл қадам” атты дебат турнирінің аудандық кезеңінде II орын иеленді.
6) «Бір мектеп – бір жоба» байқауында I орын иеленді.